Atasuai
Көмек орталығы Тапсырыс

Тапсырыс

Тапсырыс жасау және басқару

9 Сұрақтар
Atasuai қосымшасында немесе онлайн дүкенде тауарды таңдағаннан кейін оны екі тәсілмен рәсімдеуге болады: тауар карточкасының ішінен «Қазір сатып алу» батырмасын бассаңыз, бірден тапсырысты рәсімдеу бетіне өтесіз; Ал «Себетке салу» арқылы қоссаңыз, «Себет» бөліміне кіріп, «Тапсырыс беру» батырмасын басасыз. Одан кейін жеткізу мекенжайын толтырып, тапсырысты растайсыз да «Төлемге өту» арқылы төлем жасайсыз.

Қосымшада: «Дүкендер» бөліміне өтіп, тапсырыс берген дүкенді ашыңыз. Дүкен бетінің төменгі мәзірінен «Тапсырыстар» бөлімін табыңыз — онда барлық белсенді және аяқталған тапсырыстарыңыз көрсетіледі. Веб-нұсқада (дүкен домені арқылы кірсеңіз): тапсырысты рәсімдегеннен кейін «Профиль» → «Тапсырыстар» бөліміне өтіңіз — мұнда тапсырыстың мәртебесін, төлемі мен жеткізу ақпаратын көре аласыз. Тапсырысты мына сілтеме арқылы да қадағалай аласыз: https://atasuai.com/kz/t

Тапсырысты рәсімдегеннен кейін оны төлеуге 20 минутыңыз бар. Қалған уақыт таймерде көрсетіледі. Егер осы уақыт ішінде төлем жасалмаса, тапсырыс автоматты түрде тоқтатылады.

Жоқ. Себетте әртүрлі сатушылардың тауарлары болса, тапсырысты рәсімдеу кезінде олар әр дүкенге жеке-жеке тапсырыс болып автоматты түрде бөлінеді. Әр тапсырыстың өз төлемі, өз таймері және өз жеткізуі болады.

Тапсырыс «Белсенді» мәртебесінде, егер ол әлі өңделу кезеңінде болса: төлем жасалуы күтілуде, сатушы тапсырысты растап жатыр, тауар жиналуда немесе жеткізу процесі әлі басталған жоқ. Бұл мәртебе тапсырыстың әлі аяқталмағанын білдіреді.

«Аяқталды» мәртебесі тапсырыс толық орындалған кезде беріледі — яғни тауар сатып алушыға жеткізіліп, тапсырыс сәтті аяқталған кезде. Осы сәттен бастап тапсырыс тарихта сақталады.

 Төленген тапсырысты болдырмауға болады, бірақ оның параметрлерін өзгертуге (басқа тауар, сан немесе жеткізу мекенжайын таңдауға) болмайды.

Жоқ. Жеткізу мекенжайы тапсырыс рәсімдеу кезінде көрсетіледі. Тапсырысты растаудан бұрын пайдаланушы мекенжайдың дұрыстығын тексеріп, қажет болса басқа мекенжайды сол сәтте таңдай алады.
Тапсырыс нөмірі тапсырысты рәсімдеп, «Төлемге өту» батырмасын басқаннан кейін сіздің WhatsApp нөміріңізге жіберіледі - хабарламада тапсырыс нөмірі және Kaspi Pay арқылы төлеу сілтемесі болады. Сонымен қатар, тапсырыс нөмірін тапсырыс ақпаратын қарайтын беттен де көруге болады
Қолдау қызметі

Әлі де сұрақтарыңыз бар ма?

AI көмекшімен сөйлесіп жауап алыңыз