Atasuai
Көмек орталығы Дүкен басқару

Дүкен басқару

Тауар қосу, қойма басқару, Atasuai Marketпен серіктестік

16 Сұрақтар
  1.  seller.atasuai.com сайтында телефон нөмірі арқылы тіркеліңіз.
  2. Тіркелгеннен кейін ашылатын өтінім формасын толтырыңыз.
  3. Atasuai менеджері сізбен байланысып, платформаны пайдалануға қолжетімділік береді.
  4. Қолжетімділік берілген соң сайтқа қайта кіріп, сол жақ мәзірдегі «Компания» бөліміне өтіп, «Жаңадан қосу» батырмасы арқылы компанияны (БИН/ИИН, атау, мекенжай, банк деректері) толтырып қоса аласыз.
Иә. Бір компанияға бірнеше офлайн дүкен, филиал және онлайн дүкен тіркеуге болады.
«Компания» → «Дүкен» бөлімінен «Дүкен қосу» батырмасын басып, дүкен атауын және сипаттамасын енгізіңіз. Қосылған дүкенді дүкен тізімінен көре аласыз және филиалдарға өту арқылы филиалын қосасыз.

Seller.atasuai.com сайтында «Компания» → «Интернет дүкен» бөліміне өтіп, «Жаңадан қосу» батырмасын басыңыз. Онлайн дүкен атауын енгізіп, домен түрін (субдомен немесе өз доменіңіз) таңдаңыз. Одан кейін сату форматын таңдаңыз: өз тауарларыңызды сату немесе Atasuai Market-тегі дайын тауарларды сату.

Atasuai Seller сайтында жоғарғы бөліктен қажетті офлайн дүкенді немесе филиалды таңдайсыз. Таңдалған дүкенге байланысты тауарлар тізімі, қойма қалдығы және басқа басқару бөлімдері тек сол дүкен бойынша көрсетіледі.
«Тауарлар тізімі» - бұл сіздің барлық тауарларыңыздың орталық базасы. Мұнда тауардың атауы, суреті, бағасы, категориясы және қоймаға байланысы сақталады. Бұл тауар кейін онлайн дүкенде сату немесе Atasuai Market-ке жариялау үшін қолданылады.
Филиал қосу үшін seller.atasuai.com сайтында «Компания» → «Дүкен» бөліміне өтіңіз. Ашылған дүкендер тізімінен қажетті дүкенді таңдап, оның астындағы «Филиалдарға өту» батырмасын басыңыз. Филиалдар тізімі ашылғаннан кейін жоғарғы бөліктегі «Жаңа филиал қосу» батырмасын таңдаңыз. Ашылған бетте дүкен автоматты түрде таңдалып тұрады — сізге филиал атауын, орналасқан қаланы, мекенжайды және қажет болса карта сілтемелерін (2GIS, Google, Yandex) енгізіп, «Сақтау» батырмасын басу жеткілікті.
Офлайн дүкендер — бұл сіздің нақты дүкендеріңіз бен филиалдарыңыз. Онлайн дүкен — бөлек цифрлық витрина, ол офлайн дүкен таңдауына тәуелсіз және жеке басқарылады.

Тауарды жүйеге қосу үшін seller.atasuai.com сайтында сол жақ мәзірден «Тауар басқару» → «Тауар тізімі» бөліміне өтіп, жоғарғы оң жақтағы «Тауар қосу» батырмасын басыңыз. Бұл жерде тауар екі тәсілмен қосылады: «Бар тауарды қосу» — егер тауар Atasuai базасында бұрыннан бар болса, оның дайын фото-сы мен сипаттамасы автоматты түрде алынады, сіз тек өз бағаңызды және қажет болса SKU енгізесіз; «Жаңа тауар қосу» — егер тауар базаға енгізілмеген болса, категорияны таңдап, барлық ақпаратты (фото, сипаттама, баға, қойма қалдығы және т.б.) өзіңіз толтырасыз.

«Жарнамалау» → Atasuai Market бөлімі арқылы тауар жариялай аласыз. Жариялау үшін тауар алдын ала «Тауарлар тізімінде» болуы керек. Әр филиал өз тауарларын бөлек жариялайды, бұл тауарларды шатастырмау үшін жасалған.
Қойма қалдығы мен қозғалысы жоғарыда таңдалған филиал бойынша есептеледі. Әр филиалдың өз қоймасы мен қалдығы бөлек жүргізіледі.

Баға калькуляторы — тауардың өзіндік құны, комиссия және салықты есепке ала отырып, оңтайлы сату бағасы мен таза пайданы автоматты түрде анықтайтын құрал. Ол сатушыға шығынсыз баға шегін көріп, маржаны дәл жоспарлауға мүмкіндік береді.

Дүкенді ашу үшін тіркеліп, компания мен филиал деректерін енгізесіз. Бұл сізге тауарларды орналастырып, жеке брендіңізбен сатылымды бірден бастауға мүмкіндік береді.


Тауарды қосу үшін «Тауарлар тізімі» бөлімінде атауын, санатын, суреттерін және бағасын толтырасыз. Бапталған тауарды бірден витринаға немесе Atasuai Market-ке жариялауға болады.


Тауар карточкасын толтыру кезінде өзіндік құны, салмағы, комиссия мен салық параметрлері енгізіледі. Жүйе осы деректер негізінде сату бағасы мен жеткізу шығындарын автоматты түрде есептейді.


Atasuai қосымшасындағы «Мәзір» бөлімінде орналасқан «Дүкен ашу» батырмасын басыңыз. Бұл батырма сізді Atasuai Seller сайтына бағыттайды. Сайтта «Онлайн дүкен» немесе «Оффлайн дүкен» түрін таңдап, WhatsApp арқылы менеджерге хабарласып, дүкен ашу процесін бастай аласыз.
Қолдау қызметі

Әлі де сұрақтарыңыз бар ма?

AI көмекшімен сөйлесіп жауап алыңыз