Atasuai
Көмек орталығы Аккаунт басқару

Аккаунт басқару

Тіркелу, кіру және профильді басқару

23 Сұрақтар
  • Қосымшаны жүктеп алыңыз. Телефоныңыздан App Store (iPhone) немесе Google Play (Android) дүкеніне кіріп, Atasuai деп іздеп, қосымшаны орнатыңыз.

  • Қосымшаны ашыңыз.

  • Телефон нөміріңізді енгізіңіз және жалғастырыңыз.

  • SMS-кодты енгізіңіз. Нөміріңізге келген растау кодын жазасыз.

  • Аккаунт автоматты түрде ашылады. Код дұрыс енгізілсе, жүйе сізді бірден кіргізеді.

  • Қаласаңыз, мәліметтерді толықтыру үшін төменгі мәзірден «Мәзір» бөліміне өтіп, жоғарыдағы аты-жөніңізді басып Профиль бетінде деректеріңізді толтыра аласыз.

Кіру бетінде «Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?» дегенді басып, телефон нөміріңіз арқылы жаңа құпиясөз орнатыңыз.
«Профиль» бөліміне кіріп, атыңызды, телефон нөміріңізді немесе басқа деректерді өңдей аласыз.
«Параметрлер» → «Аккаунтты жою» бөлімін таңдаңыз. Барлық деректер мен тарих жойылады.
Иә, бірақ әр аккаунтқа жеке телефон нөмір тіркелуі тиіс.
Тіркелу үшін тек белсенді телефон нөмірі жеткілікті. Аты-жөніңіз, суретіңіз және басқа мәліметтерді профильден енгізе аласыз.
Бірнеше секунд күтіңіз, сигналдың жақсы екенін тексеріп, қажет болса "Қайта жіберу" батырмасын басыңыз; мәселе шешілмесе, нөмір форматтың дұрыс екенін тексеріп, қолдау бөліміне жүгініңіз.
Қазіргі нұсқада тек қолдау көрсетілетін елдердің нөмірлері қабылданады; егер сіздің ел тізімде жоқ болса, болашақ жаңартуларды күтіңіз.
Қосымшаны ашып, телефон нөміріңізді енгізіңіз; SMS арқылы жіберілген растау кодын енгізген соң жүйеге кіресіз. Егер сіз қосымшада құпиясөз орнатқан болсаңыз, кіру процесі телефон нөмірі мен құпиясөз арқылы жүзеге асырылады.
Бірнеше секунд күтіңіз, «Қайта жіберу» батырмасын басыңыз, сигнал немесе желі байланысын тексеріңіз. Егер код әлі келмесе, нөмірдің дұрыс жазылғанына көз жеткізіңіз.
Иә. Телефон нөміріңізді енгізіп, SMS-код немесе құпиясөз арқылы кез келген құрылғыдан жүйеге кіре аласыз.
Төменгі панельдегі «Мәзір» бөліміне өтіңіз. Экранның жоғарғы бөлігінде сіздің аты-жөніңіз жазылған жолақ тұрады - сол жолақты басқанда профиль беті ашылады.
Алдымен төменгі панельден «Мәзір» бөліміне кіріп, жоғарғыдағы аты-жөніңізді басыңыз. Профиль беті ашылғаннан кейін аты-жөн көрсетілген өрісті таңдап, жаңа деректерді енгізіп, төмендегі «Сақтау» батырмасын басыңыз.
Профиль бетіне кіріп, туған күн көрсетілген өрісті басыңыз. Жаңа датаны таңдағаннан кейін өзгерісті бекіту үшін «Сақтау» батырмасын басыңыз.
Профиль бетінде электрондық пошта жазылған өрісті басыңыз, жаңа email енгізіңіз және өзгерісті «Сақтау» батырмасы арқылы растаңыз. Поштаны растау талап етілмейді.
Профиль бетіне кіріп, аватар суретінің үстіне басыңыз; галереядан сурет таңдауға немесе камера арқылы жаңасын түсіруге болады.
Тіл параметрін өзгерту үшін «Мәзір» бөліміне өтіп, «Баптаулар» тармағын таңдаңыз. «Қолдану тілі» бөлімінде қолданбаның интерфейс тілін өзгерте аласыз.
Профильдегі телефон нөмірі көрсетілген өрісті басыңыз, жаңа нөмірді енгізіп, «Сақтау» батырмасын таңдаңыз. Жүйе растау үшін SMS-код жібереді, кодты енгізгеннен кейін нөмір жаңартылады.
Жоқ. Әр телефон нөмірі тек бір аккаунтқа тіркеледі.
Барлық деректер шифрланып сақталады, үшінші тарапқа берілмейді және Қазақстан аумағындағы деректерді қорғау заңнамасына сәйкес өңделеді.
Аккаунтты жою үшін төменгі панельден «Мәзір» бөліміне өтіп, жоғарғыдағы аты-жөніңізді басып профиль бетіне кіріңіз. Профильдің төменгі бөлігінде орналасқан «Профильді жою» батырмасын таңдаңыз. Жүйе растауды сұрағаннан кейін жою процесі орындалады.
Белсенді дүкені бар пайдаланушылар аккаунтты тікелей жоя алмайды. Аккаунты жоюды бастамас бұрын пайдаланушы міндетті түрде дүкенін жабуы керек. Дүкен жабылғаннан кейін ғана аккаунтты жою мүмкіндігі қолжетімді болады.

Atasuai — сатылымды, қойманы (WMS) және Қазақстан бойынша жеткізуді автоматтандыратын бірыңғай e-commerce платформасы. Ол сатушыларға өз брендімен, клиенттер базасы мен аналитиканы толық сақтай отырып сауда жасауға мүмкіндік береді.

Қолдау қызметі

Әлі де сұрақтарыңыз бар ма?

AI көмекшімен сөйлесіп жауап алыңыз