Atasuai

Көмек орталығы

Сұрақтарыңызға жауап табыңыз

Үздік

Жиі қойылатын сұрақтар

  • Қосымшаны жүктеп алыңыз. Телефоныңыздан App Store (iPhone) немесе Google Play (Android) дүкеніне кіріп, Atasuai деп іздеп, қосымшаны орнатыңыз.

  • Қосымшаны ашыңыз.

  • Телефон нөміріңізді енгізіңіз және жалғастырыңыз.

  • SMS-кодты енгізіңіз. Нөміріңізге келген растау кодын жазасыз.

  • Аккаунт автоматты түрде ашылады. Код дұрыс енгізілсе, жүйе сізді бірден кіргізеді.

  • Қаласаңыз, мәліметтерді толықтыру үшін төменгі мәзірден «Мәзір» бөліміне өтіп, жоғарыдағы аты-жөніңізді басып Профиль бетінде деректеріңізді толтыра аласыз.

  1.  seller.atasuai.com сайтында телефон нөмірі арқылы тіркеліңіз.
  2. Тіркелгеннен кейін ашылатын өтінім формасын толтырыңыз.
  3. Atasuai менеджері сізбен байланысып, платформаны пайдалануға қолжетімділік береді.
  4. Қолжетімділік берілген соң сайтқа қайта кіріп, сол жақ мәзірдегі «Компания» бөліміне өтіп, «Жаңадан қосу» батырмасы арқылы компанияны (БИН/ИИН, атау, мекенжай, банк деректері) толтырып қоса аласыз.

Дүкен ашу үшін Atasuai қосымшасының «Мәзір» бөліміне өтіп, «Дүкен ашу» батырмасын басыңыз. Жүйе сізді автоматты түрде Atasuai Seller сайтына бағыттайды. Сондай-ақ дүкенді тікелей сайт арқылы да аша аласыз — ол үшін seller.atasuai.com сайтына кіріп, тек телефон нөміріңізді енгізіп, SMS-кодпен тіркеле аласыз. Тіркелгеннен кейін сізге екі нұсқа ұсынылады: «Онлайн сатқысы келетін тұлғалар үшін» немесе «Дүкен және бизнес иелері үшін». Қажетті нұсқаны таңдап, WhatsApp арқылы менеджермен байланысып, дүкен ашу процесін бастай аласыз.

Jarmaq — Atasuai платформасындағы ішкі адалдық ұпайлары. Бұл ақша емес: оларды қолма-қол ақшаға айналдыруға, сатуға, сыйлауға немесе басқа адамға аударуға болмайды. Ұпайлар тек жеңілдік ретінде пайдаланылады — олар арқылы тапсырыс құнының бір бөлігін тікелей қосымшада төлеуге болады.

Atasuai платформасында рәсімделген тауарларды жеткізу нақты дүкеннің шарттары мен тапсырыс беру кезінде таңдалған жеткізу тәсіліне байланысты екі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін:

Atasuai Delivery логистикалық желісі арқылы (интеграцияланған серіктестер): Жеткізуді платформаның тексерілген логистикалық операторлары, аккредиттелген курьерлік қызметтер («есікке дейін» жеткізу) және Қазақстан бойынша серіктестік тапсырысты беру пункттерінің (ПВЗ) желісі жүзеге асырады. Креатордың өзі жүзеге асыруы: Креатор тауарды өзінің курьерлік қызметі арқылы немесе өзі таңдаған тәуелсіз тасымалдау компаниясы арқылы жібере алады.

Atasuai қосымшасында немесе онлайн дүкенде тауарды таңдағаннан кейін оны екі тәсілмен рәсімдеуге болады: тауар карточкасының ішінен «Қазір сатып алу» батырмасын бассаңыз, бірден тапсырысты рәсімдеу бетіне өтесіз; Ал «Себетке салу» арқылы қоссаңыз, «Себет» бөліміне кіріп, «Тапсырыс беру» батырмасын басасыз. Одан кейін жеткізу мекенжайын толтырып, тапсырысты растайсыз да «Төлемге өту» арқылы төлем жасайсыз.
Atasuai платформасын пайдалану кезінде қолданушы тек заңды әрекеттерді орындауы және платформа функционалын мақсатына сай қолдануы керек.
Қолдау қызметі

Әлі де сұрақтарыңыз бар ма?

AI көмекшімен сөйлесіп жауап алыңыз