Буйрутма
  • 1. Тапсырысты қалай рәсімдеймін?
    Atasuai қосымшасында немесе онлайн дүкенде тауарды таңдағаннан кейін оны екі тәсілмен рәсімдеуге болады: тауар карточкасының ішінен «Қазір сатып алу» батырмасын бассаңыз, бірден тапсырысты рәсімдеу бетіне өтесіз; Ал «Себетке салу» арқылы қоссаңыз, «Себет» бөліміне кіріп, «Тапсырыс беру» батырмасын басасыз. Одан кейін жеткізу мекенжайын толтырып, тапсырысты растайсыз да «Төлемге өту» арқылы төлем жасайсыз.
  • 2. Тапсырыстың статусын қайдан бақылаймын?
    Atasuai қосымшасында тапсырыстың статусын көру үшін алдымен «Дүкендер» бөліміне өтіп, тапсырыс берген дүкенді ашыңыз - сол дүкен бетінің төменгі мәзірінде «Тапсырыстар» бөлімі болады, барлық белсенді және аяқталған тапсырыстарыңыз сол жерде көрсетіледі. Ал веб-нұсқада (дүкеннің домені арқылы кіргенде) тапсырыс бергеннен кейін «Профиль» → «Тапсырыстар» бөліміне өтіп, тапсырыстың статусын, төлем және жеткізу жағдайын бақылай аласыз.
  • 3. Мен тапсырысты қанша уақыт ішінде төлеуім керек?
    Тапсырыс берілген сәттен бастап оны төлеуге 20 минут беріледі. Бұл уақыт таймер арқылы көрсетіледі. Егер көрсетілген 20 минут ішінде төлем жасалмаса, тапсырыс автоматты түрде жойылады.
  • 4. Тапсырыс қашан жеткізіледі?
    Тапсырыс әдетте 1–5 жұмыс күні ішінде жеткізіледі. Нақты жеткізу уақыты тапсырыс берушінің мекенжайына байланысты өзгеруі мүмкін.
  • 5. Реселлер сатқан тапсырыстар қай жерде көрсетіледі?
    Реселлер сатқан барлық тапсырыстарды Atasuai Seller қосымшасында төменгі мәзірден «Тапсырыстар тізімі» бөліміне өтіп көруге болады.
  • 6. Тапсырысым төленбесе не болады?
    Егер тапсырыс 20 минут ішінде төленбесе, тапсырыс автоматты түрде бас тартылады.
  • 7. Тапсырысты өзгертуге немесе одан бас тартуға бола ма?
    Тапсырыс төленгеннен кейін одан бас тартуға болады, бірақ тапсырысты өзгертуге болмайды (тауарды, санын немесе жеткізу мекенжайын).
  • 8. Бір тапсырыста бірнеше дүкеннің тауарын ала аламын ба?
    Жоқ. Әр тапсырыс бір дүкеннің бір тауарына ғана қатысты рәсімделеді.
  • 9. Жеткізу мекенжайын тапсырыс бергеннен кейін өзгертуге бола ма?
    Жоқ. Жеткізу мекенжайы тапсырыс рәсімдеу кезінде көрсетіледі. Тапсырысты растаудан бұрын пайдаланушы мекенжайдың дұрыстығын тексеріп, қажет болса басқа мекенжайды сол сәтте таңдай алады.
  • 10. Сатушыға түскен тапсырыстар қай жерде көрсетіледі?
    Барлық сатушыға түскен тапсырыстар Atasuai Seller жүйесінде көрсетіледі. Ол үшін seller.atasuai.com сайтына кіріп, сол жақ мәзірдегі «Интернет дүкен → Тапсырыстар» бөліміне өту қажет. Осы бөлімде сатушы өз тауарларына жасалған барлық тапсырыстарды көре алады — тауар қай дүкеннен немесе филиалдан сатылғанын, ол қай онлайн-дүкен арқылы түскенін, сондай-ақ сатып алушы мен жеткізу туралы толық ақпарат көрсетіледі.
  • 11. Неге тапсырысым «Белсенді» күйінде тұр?
    Тапсырыс «Белсенді» күйінде тұрады, егер ол әлі өңделіп жатқан болса: төлем күтілуде, сатушы тапсырысты растауда, тауар жинақталуда немесе жеткізу процесі басталмаған жағдайда. Бұл статус тапсырыстың әлі аяқталмағанын білдіреді.
  • 12. Тапсырысқа «Аяқталды» статусы қашан беріледі?
    «Аяқталды» статусы тапсырыс толық орындалған кезде беріледі — яғни тауар сатып алушыға жеткізіліп, тапсырыс сәтті аяқталғаннан кейін. Осы сәттен бастап тапсырыс тарихта сақталады.
  • 13. Қай кезде тапсырыс автоматты түрде жойылады ?
    Егер тапсырыс рәсімделгеннен кейін белгіленген уақыт ішінде (шамамен 20 минут) төлем жасалмаса, тапсырыс автоматты түрде жойылады.
  • 14. Тапсырыс нөмірін қайдан көремін?
    Тапсырыс нөмірі тапсырысты рәсімдеп, «Төлемге өту» батырмасын басқаннан кейін сіздің WhatsApp нөміріңізге жіберіледі - хабарламада тапсырыс нөмірі және Kaspi Pay арқылы төлеу сілтемесі болады. Сонымен қатар, тапсырыс нөмірін тапсырыс ақпаратын қарайтын беттен де көруге болады
  • 15. Тапсырысты қайдан бақылаймын?

    Тапсырысты Atasuai қосымшасындағы «Тапсырыстар» бөлімінен немесе https://atasuai.com/kz/t сілтемесі арқылы бақылауға болады.

chat
Дагы суроолоруңуз барбы?

AI жардамчысы менен сүйлөшүп жооп алыңыз

AI Жардамчы

Ар дайым онлайн