-
1. atasuai платформасына кантип катталса болот?
atasuai тиркемесин ачып, «Катталуу» баскычын басыңыз. Телефон номериңизди киргизип, SMS аркылуу келген кодду тастыктаңыз.
-
2. Эгерде мен сыр сөзүмдү унутуп калсам, эмне кылышым керек?
Кирүү бетинде «Сырсөздү унуттуңузбу?» дегенди басып, телефон номериңиз аркылуу жаңы сырсөз орнотуңуз.
-
3. Аккаунттагы жеке маалыматты кантип өзгөртсө болот?
«Профиль» бөлүмүнө кирип, атыңызды, телефон номериңизди же башка маалыматтарды өзгөртө аласыз.
-
4. Аккаунтумду кантип өчүрө алам?
«Параметрлер» → «Аккаунтты жок кылуу» бөлүмүн тандаңыз. Бардык маалыматтар жана тарых жок кылынат.
-
5. Бир телефондон бир нече аккаунт ачууга болобу?
Ооба, бирок ар бир аккаунтка өзүнчө телефон номери катталууга тийиш.
-
6. Тіркелу үшін қандай мәліметтер қажет?
Тіркелу үшін тек белсенді телефон нөмірі жеткілікті. Аты-жөніңіз, суретіңіз және басқа мәліметтерді профильден енгізе аласыз.
-
7. SMS код келмесе не істеу керек?
Бірнеше секунд күтіңіз, сигналдың жақсы екенін тексеріп, қажет болса "Қайта жіберу" батырмасын басыңыз; мәселе шешілмесе, нөмір форматтың дұрыс екенін тексеріп, қолдау бөліміне жүгініңіз.
-
8. Басқа елдің нөмірімен тіркелуге бола ма?
Қазіргі нұсқада тек қолдау көрсетілетін елдердің нөмірлері қабылданады; егер сіздің ел тізімде жоқ болса, болашақ жаңартуларды күтіңіз.
-
9. Тіркелген соң дүкен ашу үшін не істеу керек?
Atasuai қосымшасындағы «Мәзір» бөлімінде орналасқан «Дүкен ашу» батырмасын басыңыз. Бұл батырма сізді Atasuai Seller сайтына бағыттайды. Сайтта «Онлайн дүкен» немесе «Оффлайн дүкен» түрін таңдап, WhatsApp арқылы менеджерге хабарласып, дүкен ашу процесін бастай аласыз.
-
10. Жеке кабинетке қалай кіремін?
Қосымшаны ашып, телефон нөміріңізді енгізіңіз; SMS арқылы жіберілген растау кодын енгізген соң жүйеге кіресіз. Егер сіз қосымшада құпиясөз орнатқан болсаңыз, кіру процесі телефон нөмірі мен құпиясөз арқылы жүзеге асырылады.
-
11. Кіру коды келмесе не істеу керек?
Бірнеше секунд күтіңіз, «Қайта жіберу» батырмасын басыңыз, сигнал немесе желі байланысын тексеріңіз. Егер код әлі келмесе, нөмірдің дұрыс жазылғанына көз жеткізіңіз.
-
12. Басқа телефоннан аккаунтқа кіре аламын ба?
Иә. Телефон нөміріңізді енгізіп, SMS-код немесе құпиясөз арқылы кез келген құрылғыдан жүйеге кіре аласыз.
-
13. Профильге қалай кіремін?
Төменгі панельдегі «Мәзір» бөліміне өтіңіз. Экранның жоғарғы бөлігінде сіздің аты-жөніңіз жазылған жолақ тұрады - сол жолақты басқанда профиль беті ашылады.
-
14. Аты-жөнімді қалай өзгертуге болады ?
Алдымен төменгі панельден «Мәзір» бөліміне кіріп, жоғарғыдағы аты-жөніңізді басыңыз. Профиль беті ашылғаннан кейін аты-жөн көрсетілген өрісті таңдап, жаңа деректерді енгізіп, төмендегі «Сақтау» батырмасын басыңыз.
-
15. Туған күнді қалай өзгертуге болады?
Профиль бетіне кіріп, туған күн көрсетілген өрісті басыңыз. Жаңа датаны таңдағаннан кейін өзгерісті бекіту үшін «Сақтау» батырмасын басыңыз.
-
16. Электрондық поштаны қалай өзгертуге болады?
Профиль бетінде электрондық пошта жазылған өрісті басыңыз, жаңа email енгізіңіз және өзгерісті «Сақтау» батырмасы арқылы растаңыз. Поштаны растау талап етілмейді.
-
17. Профиль суретін қалай қоямын?
Профиль бетіне кіріп, аватар суретінің үстіне басыңыз; галереядан сурет таңдауға немесе камера арқылы жаңасын түсіруге болады.
-
18. Қолдану тілін қайдан ауыстырамын?
Тіл параметрін өзгерту үшін «Мәзір» бөліміне өтіп, «Баптаулар» тармағын таңдаңыз. «Қолдану тілі» бөлімінде қолданбаның интерфейс тілін өзгерте аласыз.
-
19. Телефон нөмірін қалай өзгертуге болады?
Профильдегі телефон нөмірі көрсетілген өрісті басыңыз, жаңа нөмірді енгізіп, «Сақтау» батырмасын таңдаңыз. Жүйе растау үшін SMS-код жібереді, кодты енгізгеннен кейін нөмір жаңартылады.
-
20. Бір нөмірді бірнеше аккаунтқа байланыстыруға бола ма?
Жоқ. Әр телефон нөмірі тек бір аккаунтқа тіркеледі.
-
21. Менің деректерім қалай қорғалады?
Барлық деректер шифрланып сақталады, үшінші тарапқа берілмейді және Қазақстан аумағындағы деректерді қорғау заңнамасына сәйкес өңделеді.
-
22. Аккаунтты қалай жоя аламын?
Аккаунтты жою үшін төменгі панельден «Мәзір» бөліміне өтіп, жоғарғыдағы аты-жөніңізді басып профиль бетіне кіріңіз. Профильдің төменгі бөлігінде орналасқан «Профильді жою» батырмасын таңдаңыз. Жүйе растауды сұрағаннан кейін жою процесі орындалады.
-
23. Дүкенім бар болса, аккаунт жою оған қалай әсер етеді?
Белсенді дүкені бар пайдаланушылар аккаунтты тікелей жоя алмайды. Аккаунты жоюды бастамас бұрын пайдаланушы міндетті түрде дүкенін жабуы керек. Дүкен жабылғаннан кейін ғана аккаунтты жою мүмкіндігі қолжетімді болады.